Танымал журналист Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді. Бұл туралы Paryz.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
БАҚ өкілі бұрынғы әйелін жалған ақпарат таратты деп айыптайды. Мәліметті журналистің экс жұбайы Айғаным Қорабаева жеке парақшасында жариялады.
Сөзінше, әйелінің айтқан физикалық қысым көрсетті, бала үшін сотқа сүйреді, қорлық көрсетті деген мәліметтер шындыққа жанаспайды және жеке өмірге қолсұғушылық ретінде бағаланған.
Медиа маманы, жарияланған ақпаратты жалған деп тануды, аудио-бейне кешірім сұрау жазбасын әлеуметтік желілерде жариялауды, жазбаша кешірім хатын жолдауды 1 миллион 500 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап етіп отырған көрінеді.
Одан бөлек, кешірім жазбасы мен хаттың көшірмесін «Астарлы Ақиқат» бағдарламасының редакциясына жолдау да талап етілген.
Еске салайық, журналистің экс жұбайы балаға таласып, сотқа барғанын айтқан еді. “Баламның әкесімен бірге тұрғанда қорлық көргенім рас. Әлі де ол менің мазамды алып, балаға таласып, сотқа сүйреп жүр. Сіздер білер-білмес басымнан қаншама сот өтті. Бала сотынан бөлек қаншама соттар болды”, – деген еді.