Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазгидромет қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК  ел аумағында 17 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазгидромет қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: Pixabay

Дерекке қарағанда, кезекті солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын қалыптастыратын болады.

– Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Тек ҚР батысы мен орталығына антициклон жотасы әсер ететін болады – жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл мен тұман күтіледі, - делінген ақпаратта. 

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының батысы мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының шығысы мен тау бөктері аудандарында, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.