Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан қоймалардың бірі алапат өртке оранды, деп хабарлайды paryz.kz.
Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылып, 4 жауынгерлік учаске жұмылдырылған. Оқиға орнына жеке құрамның 87 адамы және 25 техника жетті.
Сондай-ақ, ТЖМ өрт сөндіру автопоезы іске қосылды. Өрт сөндірушілердің күшімен 1400 шаршы метр аумақ оқшауланды. Көрші қоймаларға өрттің таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ.