Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

СҚО-да алдағы күндері түнде қар жауады

Солтүстік Қазақстан облысында тұрақсыз ауа райы сақталып, алдағы күндері қар жауады деп болжанған.

СҚО-да алдағы күндері түнде қар жауады
Фото: Kazinform

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, 16-20 сәуір аралығында өңір Солтүстік циклон мен оның атмосфералық фронттарының ықпалында болады. Фронттардың өтуі кезінде жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады.

Күндіз 16 cәуірде 12-17 градус, 17-20 сәуір аралығында 6-11 градус аралығында жылы болады. Синоптиктердің болжамынша, 16 сәуір күні түнде -1, -6 градус аралығында болып, қар аралас жаңбыр жауады. Қолайсыз ауа райы 18 сәуірде де сақталып, түнде -3 градусқа дейін төмендейді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Тұрақсыз ауа райы сәуірдің үшінші онкүндігінде де сақталады. Ауа температурасының түнде 0-5-тен 5-10-ға дейін, күндіз 10-15-тен 18-23-ке дейін ауытқуы болжанған. Тұрақсыз ауа райына байланысты Петропавлдағы нысандарды жылыту желісінен ажырату кейінге қалдырылды. 

— СҚО-да жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес жылыту маусымының аяқталуы тәуліктік орташа температура +10°C жоғары және ауа райының одан әрі жылынуы болжанғанда айқындалады. Жылуды тоқтату туралы шешімді тұрақты оң температураның үшінші тәулігінде жергілікті атқарушы органдар және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бірлесе қабылдайды. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар энергия беруші ұйыммен бірлесіп орталық жылытуды өшіреді және шарт талаптарына сәйкес ыстық сумен қамтудың жазғы схемасына көшеді, — дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.