Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,16 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 516,91 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге.
Еуро 584 — 590 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 514 теңге.
Еуро 583 теңгеден сатып алынып, 590 теңгеден сатылып жатыр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,21 - 6,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 15 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,21 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 590, 09.