Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз Алматыдан табылды

Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 16 жастағы қыз Алматыдан табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз Алматыдан табылды
Фото: polisia.kz

— Кәмелетке толмаған қыз, Алматыға ата-анасының хабарынсыз өз бетімен келгенін айтты. Полиция, дереу оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдады - қыз бала заңды өкілдері келгенше қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығына уақытша орналастырылды, - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Алдын алу жылы аясында Алматы полициясы кәмелетке толмағандардың құқықтарын анықтау және қорғау жұмыстарын күшейтті.

Қыздың ата-анасымен және туыстарымен туыстық байланыстарды нығайтуға және қайталап рұқсатсыз кету жағдайларының алдын алуға бағытталған жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.