Жамбыл облысы Меркі ауданының тұрғыны жанармай құю бекетінде шетел азаматына суық қарумен шабуыл жасаған. Аталған фактіге қатысты бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлім етті.
«Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушіге полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ. Іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлілер заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.