Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,5 деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды paryz.kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Фото: Kazinform

«Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің ақпаратынша, жылдық инфляция наурыз қорытындысы бойынша 10 пайызға дейін жеделдеп, болжамды диапазон шегінде (10-12%) қалыптасты.

Инфляция ақпандағы 1,5%-пен салыстырғанда наурызда 1,3%-ке дейін баяулады. Бұл азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтердің бәсеңдеуіне байланысты.

«Инфляцияға әсер ететін факторлардың қалыптасқан тепе-теңдігін, оның қазіргі қарқынын, сыртқы ортадағы проинфляциялық үрдістері мен жоғары белгісіздік деңгейін ескере отырып, алдағы шешімдер аясында базалық мөлшерлемені төмендетуге алғышарт әзірге қалыптасқан жоқ. Алдағы болжамдық кезеңде тәуекелдердің қалыптасып жатқан балансы, соның ішінде талқыланып жатқан салық реформасының ықпалы, АҚШ-тың тариф саясатының салдары және өзге де факторлар бағаланады. Мөлшерлеме бойынша шешім келіп түсетін деректер мен инфляция перспективаларына берілетін бағаларға байланысты қабылданады», - деді Ұлттық банк. Базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешім 2025 жылғы 5 маусымда жарияланады.