Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Тоқаев тазалыққа үлес қосқан 3 жасар баланы марапаттады

Атыраулық үш жасар Дінмұхаммед Жұмажан мемлекет басшысының алғысына ие болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тоқаев тазалыққа үлес қосқан 3 жасар баланы марапаттады
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Облыс әкімі Серік Шәпкенов бүлдіршінмен және оның ата-анасымен жүздесті.

Үш жасар баланың қаладағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы желіде тараған еді.

Бұл әрекеті арқылы ол көпшіліктің ықыласына бөленді.