Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,98 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 520,48 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518,7 теңге. Еуро 569 — 576 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 518 теңге. Еуро 569 теңгеден сатып алынып, 575 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,92 - 6,04 аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 9 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,05 теңге. Еуро — 566, 59.