Бүгін Мәжілісте өткен жалпы отырыс барысында депутат Бақытжан Базарбек Ұлттық экономика министрі, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге ескерту жасады, деп хабарлайды paryz.kz.
«Депутат министрге сұрақ қоймақ болғанда, оның телефонмен сөйлесіп отырғанын байқап қалды. Сіз қазір телефонмен сөйлесіп отырсыз ба? Менің не айтып жатқанымды кейін жазбадан тыңдайтын шығарсыз», – деді ол.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Салық кодексі жобасы қаралған болатын.