Прямая трансляция

Астана

Астана

0.94°C

Қосымша құн салығының мөлшері белгілі болды

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексінің жобасындағы соңғы өзгерістерді атады, деп хабарлайды paryz.kz. 

Қосымша құн салығының мөлшері белгілі болды
Фото: Pixabay

«Бірінші, қосылған құн салығы 16 процент болады. Екінші, қосылған құн салығының шегі 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді. 40 млн теңге деген ортақ байлам болды. Үкімет пен депутаттардың конструктивті ұстанымының арқасында осындай ымыраға қол жеткіздік. Бірақ мұндай шек болғанда 160 мың салық төлеушіден айырылатынымызды айтқым келеді. Сондай шамамен 400 млрд теңгедей қосымша бюджет түсімінен қағыламыз. Біздің бизнесмендер Үкімет те, Парламент те осындай ымыраға баруға дайын екенін түсінсін деп айтып тұрмын», — деді Серік Жұманғарин.