Ақтөбелік азамат алты баласы мен әйелін тастап, көңілдесіне кеткен, деп хабарлайды paryz.kz.
Бірақ ерлі-зайыптылар заңды некені бұзбаған. Көп балалы ана еріне ашуға толы хаттар жазған. Ол хаттарды ер адамның көңілдесі де оқыған.
Балағат сөздерді өзіне айтылған деп ойлап, көңілдесінің заңды әйелінің үстінен шағым түсіріп, моральдық өтемақы ретінде 500 мың теңге талап еткен. Алайда екі әйел бір-бірімен тікелей сөйлеспеген.
Ер адамның заңды әйелі сотта ерінің бір рет емес, бірнеше рет осылай көңілдестеріне кеткенін, өзінің бұл жолы жазған хаттары көңілдесіне емес, тек еріне бағытталғанын айтқан. Сот әйелді қолдап, ақтады. Ал ері заңды отбасына оралған.