Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бұрқасын, жел, көктайғақ: барлық облыста дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің шығыс өңірі мен Алматы облысында да желдің жылдамдығы 30 м/с-ке жетеді деп күтілуде.

 

Бұрқасын, жел, көктайғақ: барлық облыста дабылды ескерту жарияланды
Дереккөз: ҚазТАГ

Қазгидромет алдағы демалыс күндері еліміздің барлық аймақтарында ауа-райының күрт бұзылатындығы жайлы ескерту жариялады, деп хабарлады paryz.kz, Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сонымен, Шымкентте алдағы екі күнде күшті жел соғып, жауын жауады. Сондай-ақ түнде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 20 м/с-ке дейін жетеді деп болжанып отыр.

Дәл осындай ауа райы Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақмола облыстарының тұрғындарын күтіп тұр.

Еліміздің шығыс өңірі мен Алматы облысында да желдің жылдамдығы 30 м/с-ке жетеді деп күтілуде.

Ал Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 28 м/с-ке жетіп, облыста қатты бұрқасын, тұман мен көйтайғақ болады деп болжанып отыр.

Сол сияқты, Қостанай облысында да бұрқасын жел, тұман және көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей аймағында күн күркіреп, тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с-ке дейін жетпек.

Ал Түркістан облысында таңертең және күндіз жауын жауып, күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді деп болжанып отыр.