Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Сүйінші! 9 сәуірде құлдық қамытымнан құтылам» - Ринат Зайытов

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында тегіндегі «ов», «вич»-ті алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сүйінші! 9 сәуірде құлдық қамытымнан құтылам» - Ринат Зайытов
Фото: Kazinform

«Жеке куәлігімдегі «ов» пен «вич»-ті алып тастайын деп отырмын. Оразкүл Асанғазы апам «Ринат, сені батыр екен десем, құл екенсің ғой. «Ов», «вич» деген құлдық қамыт бізге кигізіп қойған.

Осыны ала алмай жүрген не деген адамсың сен» деді. Сөз сүйегімнен өтіп кетті. Құжатты өзгертуге өтініш бердім. 9 сәуір күні алам куәлігімді. «Ов», «вич»-тен құтылам сол кезде. Енді «Ринат Рифхатұлы Зайыт» болады. Оразкүл апамнан сүйінші сұраймын, «апа, міне, құтылдым құлдық қамытымнан, тәубә» деп айтамын», - деді депутат.