Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады", – делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның 3271-і қыз, 3448-і ұл.