Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Тараздағы саябақтардың бірінде ер адамның денесі табылды

Тараз тұрғыны басынан сау тамтық қалмаған ер адамның денесін тауып алды, деп хабарлады paryz.kz.

Тараздағы саябақтардың бірінде ер адамның денесі табылды
Фото: istockphoto.com

Мәйіт жергілікті саябақ маңындағы алаңда ағаштың түбінде жатқан. Ер адам басынан қатты жарақат алған. Полиция оның жеке басын анықтады.

«Полиция Тараз қаласындағы шағын аудандардың бірінде ер адамның мәйітін табу фактісіне сәйкес «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары күдіктіні іздестіріп жатыр. Желі қолданушылары марқұмның бір кездері құқық қорғау органдарында жұмыс істегенін жазып жатыр.