Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Словения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді

Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Ақордаға келді. Оны кірберістен президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, деп хабарлайды paryz.kz.

Словения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді
Фото: Ақорда

Екі ел президенті алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды.

Одан кейін құрметті қарауыл сап түзеп, Қазақстан мен Словенияның әнұрандары шырқалды.

Ақордадағы келіссөз кезінде сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланады. Бүгінде Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.

"Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Словения президентінің сапары 1 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан-Словения бизнес-форумы да ұйымдастырылады.