Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қарағанды облысында жүзден астам киік өлексесі жойылды

Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Жаманқон өзенінде құтқарушылар 505 киіктің өлексесін тапты, оның 175-і жойылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.


Қарағанды облысында жүзден астам киік өлексесі жойылды
Фото: ТЖМ

Санитарлық жұмыстарға ТЖД қызметкерлері, «Охотзоопром» РМКК және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысуда.

“Охотзоопром” алдын ала мәліметі бойынша, жануарлардың жаппай қырылуына қолайсыз ауа райы жағдайлары мен азықтың жетіспеушілігі себеп болған. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық өлекселер санитарлық нормаларға сәйкес Беккари шұңқырына көміліп жойылады,” – делінген ТЖМ хабарламасында. 

Киіктер қырылған аймақта жаңа ошақтарды анықтау үшін мобильді топтар жағдайды бақылауда. Бұған дейін Экология министрлігі киіктердің ең көп қырылуы олардың табиғи мекендейтін аумақтарында – Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелгенін хабарлаған еді. 

Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі А. Грачевтің айтуынша, қалыпты жағдайда барлық жас топтарындағы киіктердің жыл сайынғы табиғи өлімі жалпы популяцияның шамамен 20 пайызын құрайды.

Сонымен қатар ересек аталықтарының жартысына жуығы қырылуы мүмкін.