Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу кезінде Қазақстанның Еуропа одағымен арадағы ықпалдастықтың болашағы талқыланды. Атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды көздейтін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Кая Каллас Қазақстанның Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі екенін ерекше айтты. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Оның пікірінше, Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту процесі басталды.
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың жаңалықты өте жылы қабылдағанын жеткізді. Бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға жол ашады.
Тоқаев пен Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібін де талқыға салды. Осы орайда Қазақстан барлық өзекті халықаралық мәселелер мен қақтығыстарды дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді берік ұстанады. Сондай-ақ, кездесуде
"Орталық Азия – Еуропа Одағы" форматындағы ықпалдастықтың жай-күйі қаралды.