Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ресейде бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікпен қазақстандық ұсталды

Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстан азаматы бизнес серіктесін өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды paryz.kz.

Ресейде бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікпен қазақстандық ұсталды
Фото: istockphoto.com

Оқиға биыл ақпанда Павлодарда болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйіті табылған.

Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталған.

"Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шара қолданып жатыр. Осы жасалған қылмысты іске сәйкес 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.