Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ауырып қалған қызметкерге жұмыс орны 100 мың теңге төлеуге міндетті

ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің басқарма басшысы Талант Ерманов ауырып қалған қызметкерге жұмыс орны төлемақыны қалай төлейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ауырып қалған қызметкерге жұмыс орны 100 мың теңге төлеуге міндетті
фото: Арман Мухатов

Егер жұмыскер сырқатына байланысты өзінің кәсіби міндеттерін орындай алмаса, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші оған табысының бір бөлігін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша әлеуметтік жәрдемақы түрінде өз қаражаты есебінен өтеуі тиіс.

Осы жәрдемақыны аударуға медициналық ұйымда рәсімделетін және жұмыскер еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жабылғаннан кейін бухгалтерияға ұсынылатын уақытша еңбекке жарамсыз болғанын растайтын құжат негіз болады. 

Еңбекке уақытша жарамсыз болғанда берілетін жәрдемақы орташа күндік жалақыны ескере отырып есептеледі. Осы нақты соманы алу үшін қызметкердің орташа күндік табысы уақытша еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес сыртқаттанған жұмыс күндерінің санына көбейтіледі. Еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде берілетін төлемнің көлемі айына 25 АЕК-тен (98 300 теңгеден) аспауға тиіс, - деп айтты Талант Ерманов.