Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды paryz.kz.
Қаратөбе ауданының Ақжайық ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 4 тонна шөп өртенді.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді.
Өрт 24 ш. м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.