Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамай, қызметтік қаруынан бір рет оқ атқан. Салдарынан оның танысы жарақат алды», - делінген мәлімдемеде.
«Салғырттық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тәртіп сақшысы жұмыстан шеттетілді. Ал жарақат алған адам ауруханада ем қабылдап жатыр.