5 сәуірден бастап ресми тіркеуден өтпеген мопедтер арнайы айып тұрағына қойылады. Бұл турал Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
«Құрметті мопед иелері! Мопедтерді тіркеу науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды. Бесінші сәуірден бастап ресми тіркеуден өтпеген мопедтер арнайы айып тұрағына қойылады, ал иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.
Сіздерді саналылыққа және заңға бағынуға шақырамыз! Көлік құралын тіркеу — бұл заң талабы ғана емес, сонымен қатар сіздің жолдағы қауіпсіздігіңіз. Құқықтарыңызды қорғаңыз және жағымсыз жағдайлардың алдын алыңыз. Істі кейінге қалдырмаңыз — мопедіңізді уақытында тіркеуге асығыңыз!», – делінген хабарламада.