Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Қызылорда облысында 9 пакет есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысында ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды paryz.kz

Қызылорда облысында 9 пакет есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Фото: istockphoto.com

Облыстық прокуратура мәліметінше, Самара-Шымкент тасжолы бойында Шижа елді мекенінің тұсында есірткі сақтады деген күдікпен автокөлік тоқтатылып, жүргізушіні тексеру барысында 9 полиэтилен пакетке оралған салмағы 557 грамм болатын кептірілген марихуана анықталып, айғақзат ретінде алынды.

«Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.