Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алдағы үш күнде күн райы қандай болады

 «Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш күнге күн райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш күнде күн райы қандай болады
фото: baq.kz

Алдағы күндері елдің басым бөлігін қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. ЮКейбір аудандарда тұман мен жел күшейеді. Температуралық фон: Елдің батысында негізгі температура түнде 5 аяз + 5 жылу, күндіз +10+18 жылы болады.

Солтүстік-батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз +7+15 жылы болады. Солтүстікте температура түнде 0-10 аяз, күндіз +5+13 жылы болады.

Елдің орталығында түнде температураның 2-14 аяздан -7 аязға дейін +1 жылу, күндіз +5+10 жылы болып, +10+15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Шығыста түнгі температура 5-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан +5+15-ке дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда түнде температура 5 аяз-5 жылы болып, күндіз +5+13 жылы болады.