Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Қар суының салдары: үш облыста жол жабылды

24 наурыз күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды paryz.kz "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

Қар суының салдары: үш облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысы:

 - «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).

Қостанай облысы: - Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы: - «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 232 арнайы техника мен 463 маман жұмылдырылды, – деп жазды "ҚазАвтоЖол".