Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Айтбек Амангелді Қаржаубайдың үйіне әдейі полиция жіберді — Шерзаттың әпкесі

Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың отбасы қайта қудалауға ұшыраудың алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz сайты Orda.kz-ке сілтеп.

Айтбек Амангелді Қаржаубайдың үйіне әдейі полиция жіберді — Шерзаттың әпкесі
Коллаж: orda.kz

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен Айтбек Амангелді арасында дау туындаған. Кейін Шерзаттың отбасы құқық қорғаушы Айтбек Амангелдінің көмегінен түбегейлі бас тартты. Енді сотта олардың мүддесін адвокаттар Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов қорғамақ.

Сот отырысы басталуына аз қалған уақытта тараған мәлімдемелерден кейін де тың ақпараттар шығуда. Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрымованың әңгімесін жариялады.

Перизаттың айтуынша, Қаржаубайдың үйін тінту жұмыстары қайта басталыпты. 

«Осы жағдайлар басталғаннан кейін Қаржаудың пәтеріне 2,5 ай бойы келмеген полиция келіп, тінту жүргізді. Олар Қаржауда қару-жарақ бар ма, тұрғылықты мекен-жайы дұрыс па деп тексеру жүргізіп жатыр екен. Бұл жайдан-жай болып жатыр деп ойламаймын. Бұл істерді Айтымның өзі істеп отыр ма? деген күдігім бар. 102-ні сол кісі жіберіп отырған сияқты», — дейді Перизат Нұрымова.