Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Бұрынғы судья Жолманованың ісі сотқа жолданды

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Бұрынғы судья Жолманованың ісі сотқа жолданды
фото: әлеуметтік желіден

Тергеудің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаражатты қолды қылған.

 "Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", — деп хабарлады Бас прокуратурасынан.