Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түркістанда сушиден уланған 22 адам ауруханаға түсті

Түркістанда сушиден уланып 22 адам ауруханаға түсті, деп хабарлады Paryz.kz. 


Түркістанда сушиден уланған 22 адам ауруханаға түсті
Фото: istockphoto.com

Ауруханаға түскен науқастардың басым бөлігі тез дайындалатын тағамды үйге тапсырыс беріп алдырғаны анықталды.

Жаппай улану жағдайын аймақтағы санитар мамандар әлі де тексеріп жатқанын және зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Уланудың нақты неден болғаны да әзірге белгісіз. Белгілісі 50-ге жуық адам уланып, 22 науқас аурханада жатыр.

“Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға “тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай” диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылған”, – делінген Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.