Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Ақтөбеде пәтерді жалға алушы үй иесін балғамен ұрып өлтірді

Ақтөбеде үй иесін аса қатігездікпен өлтірген  пәтерді жалға алушыға үкім шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбеде пәтерді жалға алушы үй иесін балғамен ұрып өлтірді
Фото: Pixabay

«Диапазон» басылымының мәліметіне сүйенсек, 54 жастағы ер адам танысынан оның үйінде ақысын төлеп тұра тұруды өтінген.

Арада бір күн өткен соң олар бірге алкогольдік ішімдік ішіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Айыптаудан пәтер иесі үйін жалға алушыны қорлайтын сөздер айтқан.

Ал жалға алуш оны басынан бірнеше рет балғамен ұрған. Одан соң ас үй пышағын алып, зардап шегушінің кеуде тұсына бірнеше рет сұққан. Алған жарақатынан үй иесі оқиға орнында тіл тартпай кеткені айтылды.

Сотта айыпталушы балғамен тек бір рет қана ұрғанын, әрі қарай не болғаны есінде жоқтығын айтып ақталмақ болды. Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды.