2025 жылғы 5 наурыз сағат 17:00-де келесі автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Paryz.kz.
- "Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы" автожолының 14-104 шақырымы (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін);
- "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырымы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы);
- "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 526-675 шақырымы (БҚО шекарасы - Сарытоғай ауылы):
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырымы (Ақтөбе қ. - Қызылорда облысының шекарасы):
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.). Жолдарды 2025 жылғы 6 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.