Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Экология министрлігі жарты миллион долларға кино түсіріп жатыр" - Сәкен Ділдахмет

Фильм табиғат қорғаушылар туралы болғандықтан, "Охотзоопром" тарапынан ақпараттық қолдау және сценарий жазу бойынша қолдау көрсетілді.

Министерство экологии снимает фильм на сумму более полмиллиона долларов США Эти деньги были предназначены для охраны дикой природы

Опубликовано Сакеном Дилдахметом Среда, 17 марта 2021 г.
"Экология министрлігі жарты миллион долларға кино түсіріп жатыр" - Сәкен Ділдахмет
фото: facebook.com

Әлеуметтік желіде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жарты миллион долларға кино түсіріп жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлады paryz.kz.

Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырып, табиғатты қорғауға арналған қаражатқа кино түсіріліп жатқанын айтқан. Ал бұл мәселеге қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсініктеме берді. Олардың айтуынша, бюджеттен туындыға қаржы бөлінбеген.

"Степь" көркем фильмі табиғатты қорғау кезінде, қызмет барысында көз жұмған инспекторлардың құрметіне арналады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аталған жобаға ешқандай қаржылық қолдау көрсетпейді. Жеке инвестордың қаржысына түсіріледі. Фильм табиғат қорғаушылар туралы болғандықтан, "Охотзоопром" тарапынан ақпараттық қолдау және сценарий жазу бойынша қолдау көрсетілді. Бюджеттен бұл туындыға қаржы бөлінбеген", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.