Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстан азаматтығын алушылар саны 25 пайыз азайды

Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығын алу туралы өтініштер саны азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауапта айтылған.

Қазақстан азаматтығын алушылар саны 25 пайыз азайды
Фото: Kazinform

— Өткен жылы Қазақстан азаматтығын 20,2 мың адам алды. Оның ішінде 15,6 мыңы немесе 77% қандас. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 25%-ға аз. 2023 жылы 26 828 адам Қазақстан азаматтығын алған еді. Оның 20,5 мыңы – қандас болған, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдардың ең көп саны: Өзбекстан, ҚХР, Ресей, Түрікменстан және Қырғызстанға тиесілі.  Заңнамаға сай, Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың екі тәртібі көзделген: «Қазақстан Республикасы азаматығы туралы» заңның 16-1-бабына сәйкес жеңілдетілген тіркеу тәртібі (қарау мерзімі 3 ай) және осы заңның 16-бабына сәйкес жалпы белгіленген тәртіп (қарау мерзімі 6 ай).