Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасында төтенше оқиға тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануы пайда болды. Салдарынан төрт адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды», – деп хабарлады «Қазхром» ТҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі департаментке әлі ресми хабарлама түспеді.
LИнспекция басшысының орынбасары Талғат Искариннің айтуынша, алдымен хабарлама түседі. Кейін комиссия құрылып, оның құрамы бекітіледі. Бұл биыл өндірісте болған алғашқы төтенше жағдай.