Қазақстанға Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Садуақасов жеткізілді. Ол бұған дейін Өзбекстанда ұсталған болатын, деп хабарлайды Paryz.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Хабарламаға сәйкес, Садуақасов мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткеннен кейін Өзбекстанның Шекара қызметі тарапынан ұсталып, оған қатысты заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бұрын "Тиолайн" ЖШС-ін басқарған оған іздеу жарияланғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
25 ақпанда Түркістан облысындағы "Қапланбек" шекара бекетінде Садуақасов Т.Х. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылып, кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі. Бұдан әрі істі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайтын болады, - делінген хабарламада.