Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды
Фото: Коллаж El.kz

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған.

Қылмысқа қатысты 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.