25 ақпанда Өскемендегі Үлбі көпірінің астынан, Спорт сарайының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция ақпаратты растады. «Марқұмның кім екені анықталды. Алдын-ала дерек бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған», - деді ШҚО Полиция департаменті. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.