Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйін сатып алатын адам табылмады

Астанадағы ел көзінен тасалау орналасқан, сатылымға шыққан еңселі үй сатылмай қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйін сатып алатын адам табылмады
Фото: ҰҚК

Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге болған. Аукцион 25 ақпан күні сағат 10.00-де E-Qazyna веб-платформасында өтуі тиіс болған.

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Нұра ауданы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан еңселі зәулім үйді сатуға қойылған болатын.

Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарнасы – 117,9 млн теңге. Сауда 25 ақпанда өтеді деп белгіленген. БАҚ құралдары зәулім үйдің Кәрім Мәсімовке қатысы болуы мүмкін екенін жазды.

Себебі дәл осы үйдің суреттерін 2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-төраға Кәрім Мәсімов қамауға алынған кезде жариялаған еді. Тергеу барысында оның заңсыз иемденген бірнеше нысаны анықталғаны айтылған.

Сол тізімде саудаға қойылып отырған осы коттедж де болған. Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кейін оған «мемлекетке опасыздық жасады», «билікті күшпен басып алуға әрекеттенді» деген ауыр айыптар тағылып, 2023 жылғы сәуірде 18 жылға сотталды. Ол үкімге аппеляциялық шағым түсіргенімен, сот шешімді өзгертпеді.