Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Бэтмен костюмін киген экс-депутат Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды

Парламент Мәжілісінің депутаты болған Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бэтмен костюмін киген экс-депутат Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды
Фото: Мәжілістың баспасөз қызметі; видеодан скрин

Қала әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, Президент Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін «Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2007 жылы «Procter & Gamble LLP» компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары «EASTCOMTRANS» ЖШС-ның жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары «Ақ ниет» ЖШС-ның бас директоры, 2018-2019 жылдары «Ақ ниет» ЖШС-ның бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары «Aq Niet Group» бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.