Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Әйелім қайта тұрмысқа шықты, баласы бар»: Бейбіт Әлібеков жеке өмірінен сыр шертті

Танымал блогер Бейбіт Әлібеков алғаш рет бұрынғы әйелі мен қызы Айлин туралы құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz 

«Әйелім қайта тұрмысқа шықты, баласы бар»: Бейбіт Әлібеков жеке өмірінен сыр шертті
фото: әлеуметтік желіден

Блогердің сөзінше оның бұрынғы әйелі қайта тұрмысқа шығып, бала сүйген.

«Біреумен кездесуге ұялдым. Қызым болғаны үшін шығар, меніңше қызым үшін ол ауыр соққы болатын еді. Менің бұрынғы әйелім қайта тұрмысқа шыққан, баласы бар, бақытты. Мен әлі күнге дейін шешім қабылдай алмай жүрмін, меніңше Айлиннің алдында да бұл әрекетім дұрыс болмайды. Мен оны, ол мені жақсы көреді. Әке мен қыздың байланысы жалпы сондай ерекше болады. Соңғы кездері Айлинмен менімен көп тұрмайды, бірақ менің арманым бар. Менімен бірге тұрса екен деймін. Қызым екеуміз бірге саяхаттаймыз, Еуропаны көлікте бірге аралаймыз. Ол менің қайта үйленуіме қатысты «иә» деп айтады, бірақ мен оның бұл шешімге қарсы екенін іштей сеземін», — деді ол.