Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Ақмола облысында 9 жасар қызды мектеп автобусы қағып өлтірді

Ақмола облысының Қараөткел ауылында мектеп автобусы 9 жасар қызды қағып, бала оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 ақпан күні ІТ мектебінің аумағында болған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақмола облысында 9 жасар қызды мектеп автобусы қағып өлтірді
Фото: istockphoto.com

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі 2015 жылы туған оқушыны қағып кеткен.

«Полиция бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр» – делінген ресми хабарламада. Ақмола облысының білім басқармасы оқушының отбасына көңіл айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта жедел әрекет ету мақсатында Целиноград аудандық білім бөлімінің мамандарынан құрылған жұмыс тобы тексеру жүргізіп жатыр. Оқушының отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетіледі», – деп хабарлады басқарма өкілдері.