Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің тергелгенін растады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Елемесовтің айтуынша, Ғайни Алашбаеваға алаяқтыққа, қылмысьық жолмен келген ақшаны заңдастыруға көмектесті деген айыптар тағылған.
"Әзірге Алашбаеваға қатысты бұлтартпас шарасы таңдалған жоқ, қамауға алынбады", – деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар қылмыстық істе Перизат Қайрат пен анасынан басқа күдіктілер жоқ.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерден де жауап алынбаған. Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелгені туралы ақпарат әлеуметтік желіде 20 желтоқсанда тараған еді.