Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Қазақмыс» өз шахтасында қаза тапқан 7 кеншінің суретін жариялады

«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысындағы өз кенішінде қаза тапқан жеті адамның суретін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қазақмыс» өз шахтасында қаза тапқан 7 кеншінің суретін жариялады
Фото: istockphoto.com

«Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біз барынша қолдау көрсетеміз», - деп жазды «Қазақмыс» корпорациясы.

Еске салсақ, Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.