Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Үйінді астында қалған 7 кеншінің аты-жөні жарияланды

Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Үйінді астында қалған 7 кеншінің аты-жөні жарияланды
Фото: ТЖМ

17 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды.

Оқиға салдарынан шахтаның жеті қызметкері үйінді астында қалды. Кейін олардың барлығы мерт болғаны хабарланды. Марқұмдардың ең жасы 26 жаста еді.

Қаза тапқан кеншілердің тізімі:

Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі; 

Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты учаскесінің тау-кен шебері; 

Жұмадоллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты тау-кен жұмысшысы; 

Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі; 

Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі; 

Нұролдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетигі;

Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен қазу жабдықтарының электр слесарі.