Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шерзат ісі бойынша қамаудағы күдіктілер туған күн тойлаған: ПД мәлімдеме жасады

Алматы облысының полициясы уақытша ұстау изоляторында туған күн тойлап жатқан видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

Шерзат ісі бойынша қамаудағы күдіктілер туған күн тойлаған: ПД мәлімдеме жасады
Коллаж: inbusiness

Әлеуметтік желіде 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында туған күн тойлап жатқаны туралы видео пайда болды.

— Уақытша ұстау изоляторынан тараған видео бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады.

Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды, - деп хабарлады өңір полициясынан.