Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты ауылдардың бірінде мектеп оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Көз жұмған жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол салған. Оның бұл қадамға баруына буллинг себеп болуы мүмкін.
«Шалқар аудандық полиция бөлімі кәмелеттік жасқа толмаған баланың суицид жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаның себебі мен мотивтері анықталуда», - деді Ақтөбе облысының Полиция департаменті.