Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Астанада алаяқтар 84 жастағы әженің 13 млн теңгесін алып кеткен

Астанада тәртіп сақшылары 84 жастағы қарияны алдап соққан алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды

Астанада алаяқтар 84 жастағы әженің 13 млн теңгесін алып кеткен
Фото: polisia.kz

Алаяқтар қарияға хабарласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Әжейге «әпкеңіз жол-көлік оқиғасына кінәлі» деп жалған ақпарат жеткізген. Жолк-көлік оқиғасынан жарақат алған адамды шұғыл емдеуге қаражат қажет деп, қомақты сома алып кеткен. Алданғанын кеш түсінген қария бірден полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтап, олардың елден әуе рейсі арқылы кетуге тырысып жатқанын анықтады. Полицейлер қаскөйлерді тікелей ұшақ ішінде қолға түсірді.

Тексеру барысында күдіктілерден 11 мың АҚШ долларынан астам қаржы тәркіленді. Олар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Күдіктілер – көрші елдің азаматтары. Олар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады.

Құқық қорғау органдарының атын жамылған бейтаныс адамдарға сенбеуге, күмәнді жағдайларда жақындарыңызбен кеңесіп, бірден полицияға хабарласуға кеңес береді. Әсіресе, егде жастағы адамдардың алаяқтардың негізгі нысанасына айналатынын ескере отырып, оларға мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндіру маңызды.