Өндірілген активтерді басқаратын компаниясы Мәсімовтың Астанадағы үйін сатуға қойды, деп хабарлайды paryz.kz.
Астананың Нұра ауданында Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылып жатыр.
Мүліктің бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарна – 117,9 млн теңге. Аукцион 25 ақпан сағат 10:00-де өтеді. Айта кетері, үйдің суреттері Кәрім Мәсімов қамауға алынғаннан кейін ҰҚК жариялаған кадрлармен сәйкес келеді.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып, 18 жылға сотталған еді.